Компания туралы
Компания 2023 жылы Қазақстанда, Панфилов қаласында құрылды. Бүгінгі таңда біздің компания спорттық семсерлесуге арналған сапыларды: рапира, семсер және қылыш өндіреді. Біздің сапылар көміртекті болаттан жасалған және олар тиісті сертификаттармен расталған халықаралық талаптарға сай келеді.
Біздің жабдықтарды өндіргенде әрдайым мамандардың кеңесіне құлақ асамыз: біз кәсіпқой спортшылармен және жаттықтырушылармен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Аға қызметкерлердің басқаруымен және команданың көбейіп келе жатқан мүмкіндіктері мен міндеттерін түсіне отырып, біз мүмкіндігімізді арттырып, клиенттерімізге басқа да жабдық түрлерін ұсынуды жоспарлап отырмыз. Алдағы болашақта мартенситті ескіретін болаттан жасалған сапыларды, тарихи қылыштасуға арналған сапыларды, сондай-ақ тарихи қылыштасуға арналған киімдер мен жабдығын өндіруді жоспарлап отырмыз (HEMA).
Біз жас болсақ та, жеке әлеуетімізді арттыруда табанды еңбек етіп, тез өсіп келе жатқан компаниямыз. Біз ұйымдағы қызметкерлерімізге өз қабілетін іске асыруына көмектесе отырып, олардың кәсіпорынға және еліміздегі және әлемдегі семсерлесу өнеріне қосатын үлесін барынша арттырып келеміз.
Біздің команда Қазақстанда семсерлесу спортын белсенді түрде ілгерілетіп келеді, сондықтан біз сапыларымыз бен сауыт киімдерді басқа елдерге таратуды көздейміз. Міндетіміз – семсерлесу өнерін бүкіл әлемде дамытып, әр спортшыға жоғары сапалы арнайы сауыт киімдері мен жабдығын ұсыну.

